Арманның шегі бар ма?
Армансыз адам — қанатсыз құспен тең. Иә, күнделікті қарапайым сөзге айналып кетсе де, шындыққа жанасатын сөз. Неге десеңіз, арман — ол бала жүректің терең түбінен орын алған, енді шығуға бет алған нәзік үн. Бұл — менің бала көңілімнің ойы. Арман дегеніміз — адам жанын алға жетелейтін, өмірге деген қызығушылығын арттыратын ұлы сезім. Адам баласы арман арқылы биік мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін тынымсыз еңбектенеді.
Айтып өткенімдей, кеудесінде жаны бар әр пенденің өз көкейіндегі бір арманы бар. Ол — хақ. “Менде арман жоқ” деген адамның өзінде де ішкі жан дүниесі қалап тұратын ойлары...