TikTok: Бармақпен басқарылатын болашақ
TikTok — әлемді әбігерге де, өрлеуге де салған заманауи платформа. Соңғы жылдардағы оның адамзаттың, әсіресе жастар қауымының өмірінен алатын орнын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күнделікті қым-қуыт тіршілікті осы бір желіге бөлісу сәнге айналғандай. Аталған желіні қазір білмейтіндер кемде-кем. Бұл арқылы оның күш-қуатының секунд сайын артып жатқанын байқай аламыз.
Жастар түгілі, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін осы бір темір қораптың артындағы тылсым күштің арбауына түсті. Қолымыздағы смартфон әдеттегі байланыс құралы болудан қалып, жаңа заманның тәрбиелеуші, ақпарат жеткізуші құралына айналды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаңалықты, трендті, күлкілі видео немесе білім беретін ақпаратты бар болғаны бір батырманы басу арқылы аламыз. Бірақ бұл арбау...