Астанада Әбіш Кекілбаев атындағы аллея ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 мамырда «Ғашықтар» саябағында ағаштарды отырғызу бойынша экологиялық акция өтеді. Кейіннен бұл аллеяға қоғамдық және саяси қайраткер, Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық иегері Әбіш Кекілбаевтің есімі берілетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.