Ер адам Эйфель мұнарасының ұшар басынан секірмек болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні қырық жастағы ер адам Париждегі Эйфель мұнарасының басына шығып, секіремін деп жұртты дүрліктірді. Кейіннен ол құтқарушыларға берілді. Бұл туралы BFM телеарнасы хабарлады.
