Добавить новость
103news.com
World News
Май
2019

Қазақстанда ішкі туризм бойынша ақпараттық турлар циклі басталды

0

Статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы орналастыру орындарының қызметін 4,6 миллионнан астам ішкі туристер пайдаланған болатын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. Бұл өсу үрдісі 2016 жылдан бері жалғасып келеді және ел ішінде саяхаттау халық арасында кеңінен танымал болып келе жатқанын растайды,- деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

«Ішкі туризм көрсеткіштерінің өсуін заңды деп санаймыз. Өйткені, біздің еліміз, оның ерекше табиғатын, қонақжайлылығын және әр өңірдің гастрономиялық, мәдени ерекшеліктерін ескерсек, туристерге сан алуан демалыс түрлерін ұсына алады», – деп санайды Өркен Бисақаев, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.

Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру және ел ішінде өңірлердің туристік потенциалы туралы хабардар ету мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда ақпараттық турлар циклін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

А.ж. 20-30 мамыр аралығында Батыс Қазақстанның 4 аймағының туроператорларынан құралған топтың қатысуымен алғашқы ақпараттық тур өткізу жоспарланған. Олар сапар барысында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының туристік орындарына барады.

«Алайда, ішкі туризмнің белсенді түрде өсуіне қарамастан, шет елдерге шығатын туристердің саны ішкі туристік ағыннан екі есе дерлік көп. Оның негізгі себептері, тиісті ұсыныс пен инфрақұрылымның жоқтығымен қоса, ақпараттың жетіспеушілігі болып табылады. Мысалға, елдің батыс аймақтарының тұрғындары Қазақстанның шығысында, болмаса оңтүстігінде не бар екенін білмейді, және керісінше. Сондықтан халыққа еліміздің туристік мүмкіндіктері жайлы ақпаратты тұрақты түрде бере отырып, оларды ел ішінде саяхаттауға ынталандыру керек. Әдетте, бұл жұмыстың алдынғы шебінде Қазақстан бойынша турларды жасақтап, жарнамалап, сататын отандық туристік компаниялар тұрады», – дейді Өркен Бисақаев.

Өңірлердегі туристік және санаторлық-курорттық нысандарды қамитын он күндік ақпараттық тур, қазақстандық туристік компанияларды еліміздің аумағы бойынша туристік өнімдерді қалыптастырып, оларды халық арасында насихаттау үшін ынталандыруға бағытталған.

Осы мақсаттар үшін, турбизнес өкілдерінің қатысуымен Бурабайда, Шымкентте, Алматыда және Өскеменде бірнеше b2b кездесулер өткізу жоспарланған.

Сообщение Қазақстанда ішкі туризм бойынша ақпараттық турлар циклі басталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России