Добавить новость
103news.com
World News
Май
2019

Баланың есімі мен тегін өзгерткенде ескеретін жағдайлар

0

Кейде қандай да бір себептерге байланысты баланың есімін немесе тегін өзгерту қажет болады. Tengrinews.kz тілшісі құжат бойынша есім ауыстырғанда нені білу қажет деген сұраққа жауап іздеді. 

Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес, балаға есім ата-ананың немесе баланың өзге де заңды өкілінің келісімі бойынша беріледі. Ал әкесінің аты ата-ананың қалауы бойынша және оның әкесі болып көрсeтілген адамның есімі жазылады.

Қосарланған есім қою

E-gov сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, балаға бөлек жазылатын есім беруге болады, бірақ ол екі сөзден аспауы керек. Ал әкесінің аты да қос сөзден тұрса, екеуінің біреуі ғана құжатқа түседі немесе біріккен есім сөз ретінде жазылады.

Әкесінің есімі өзгерген кезде кәмелет жасына толмаған баланың құжаттары да өзгереді. Ал бала 18 жастан асқан болса, өтініш білдіріп қана өзгертеді.

Баланың тегі қалай жазылады?

Балаға әкенің немесе ананың тегі беріледі. Бірақ ата-анасының қалауымен әкесі я болмаса шешесінің атын немесе екі жақтан да ата-әжесінің тегін қоюға болады.

Баланың есімі мен тегіне қатысты ата-ана арасында туындаған қарама-қайшылықты сот шешеді. Баланың әкесі анықталмаған жағдайда, құжатта баланың әкесі ретінде көрсетілген адамның аты жазылады, ал тегі ретінде - анасының немесе дәстүрге сай атасының аты беріледі.

Баланың есімі мен тегі қалай өзгереді?

Мемлекеттік қызметтер және ақпарат сайтындағы мәлімет бойынша, ата-анасының екеуінің де тегі ауысқан жағдайда кәмелет жасына толмаған баланың да тегі өзгереді. Бала 16 жасқа толғанша ата-ана екі-жақты өтініш жазып, баланың есімін өзгертуге, сонымен қатар, өзге ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беріледі.

Ата-ана ажырасқанда не болады?

Ата-ана ажырасып кеткен жағдайда бала дүниеге келгенде берілген тегі сақталады. Ереже бойынша, ол әкесінің тегі. Ал ерлі-зайыпты неке бұзу шарттарын рәсімдемей бөлек тұрып жатса және баламен бірге тұратын ата-ана оған өз тегін бергісі келсе, бұл мәселе баланың қызығушылығы мен екінші ата-ананың пікірін ескере отырып шешіледі.

Әкесі немесе анасының мекенжайын анықтау мүмкін болмаса немесе ол ата-ана құқығынан айырылса, шектелсе я болмаса баланы асырау мен тәрбиелеуден бас тартқан жағдайында оның пікірін ескеру міндетті емес.

Ал ата-ана некесін құжат бойынша бұзып, бөлек тұрып жатса жене баламен бірге тұратын ата-ана оған өз тегін бергісі келсе, тіркеуші орган өзге ата-ананың пікірін ескерместен баланың қызығушылығына қарай мәселені шешеді. 10 жасқа толған баланың атын немесе тегін өзгеру процесі заңды өкілінің қатысуымен алынған баланың келісімімен ғана жүзеге асады.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России