Елордалық мәдениет қызметкерлері төл мерекесін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін мәдениет саласының қызметкерлері төл мерекесін атап өтті. Атаулы күнге орай өнер майталмандары «Жастар» театрында өткен дөңгелек үстел отырысында елордадағы мәдениеттің даму перспективаларын, сондай-ақ 9 маусымда өтетін Президент сайлауына дайындық мәселелерін талқыға салды. Бұл туралы қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
