Біртанов: вакцинация туралы шындықты тыңдауларыңызды сұраймын
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов вакцинация туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство басшысы пікірін Facebook-тегі парақшасында жариялады.
"Тағы да вакцинация туралы шындықты тыңдауларыңызды сұраймын.
Адамды вакцинациялау - жеке профилактикалық медициналық қызмет, ол қолданыстағы Кодекс және жаңа Кодекс жобасы бойынша кез келген азаматқа тек оның немесе заңды өкілінің (баланың ата-анасының) келісімі бойынша жүргізіледі.
Кез келген адам (ата-ана) бас тартуға құқылы. Вакцинация мәжбүрлі емес", - деп жазды Біртанов.
Ол сондай-ақ вакцинация - "халықты инфекция індетінен қорғаудың жалғыз, ғылыми негізделген және дәлелденген әдісі" екенін атап өтті.
"Сондықтан бұл мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы. Вакцинация міндетті болмаса, перзентхана мен емханалардағы дәрігерлерінің орындауы үшін де міндетті болмайды. Бізге бұл вакциналарды сатып алу міндетті емес болады. Жылына төрт миллионнан астам сәби кейін мемлекет есебінен полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызылша, гепатит, пневмония және басқа да инфекцияларға қарсы егілмейді", - деп түйіндеді министр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
