Карантин: Алматыда 36 кәсіпкерге айыппұл салынды
![Карантин: Алматыда 36 кәсіпкерге айыппұл салынды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/11/30/201130125651678e.png)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 25-28 қараша аралығында 184 нысанды тексерді. Оның ішінде 36 нысанда карантиндік режимді бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.