"Канело, vamos!" Қанат Ислам мәлімдеме жасады
"Мен бұл жекпе-жекке ұзақ дайындалдым. Отбасыма оралдым, командама оралдым. Жақсы қарсыласпен жақсы жекпе-жек болды. Бұл жігітке рақмет, ол - мықты қарсылас. Мен бәріне дайынмын. Бұған дейін айтқанымдай, Қытайда туып-өстім, Қазақстанда тұрамын, мен - түркімін, мен-мұсылманмын, менде қанша жанкүйер болуы мүмкін. Канело менімен жекпе-жекке шығуы керек! Рамазан айы жақындап келеді. Рамазаннан кейін ораламын", - деді Қанат Ислам.
Қанат Ислам "келесі жекпе-жекте кіммен кездескісі келеді" деген сұраққа жауап берді.
"Мен Канелоны қалаймын. Болды. Канело, vamos! Шығайық және бокстасайық!"- деді Қанат Ислам.
Айта кетейік, бұған дейін орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста жеңіске жеткені белгілі болды. Ол эквадорлық Джейсон Минданы нокаутқа түсірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
