Добавить новость
103news.com
World News
Февраль
2021

Әділдік, адалдық және ар-ождан. ER-BATYR жобасында Асхат Нұрмашев

0

ER-BATYR жобасында - Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында қордың негізгі ұстанымы, "халықтың" қаражатына деген жауапкершілік, өзінің қалыптасуы, анасына деген махаббаты туралы, сондай-ақ, заманауи отбасындағы "әкелік тәрбиенің болмауына" алаңдайтынын айтты. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар. 
Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Эфир қонағының сөзінше, Asar-ume қорының философиясы - ниет, адалдық және еңбекқорлық. 
"Көмекке мұқтаж отбасын таңдаудағы басты шарт - кемінде 6, 7 не 8 кәмелетке толмаған баланың болуы, үй жағдайы, өлшемі, жалпы көріністің өзі жағдайдың нашар екенін көрсетіп тұруы қажет. Отбасы табысы 7-8 баланың жәрдемақысын қосқанда 300 мыңнан аспауы керек. Ауыр жағдай болса, бес баласы бар отбасын да қарастырамыз. Егер отбасында қандай да бір мүлік болса, біз көмектесе алмаймыз. Барлық құжатты мұқият тексереміз, себебі халықтың қаражатын әділ жұмсауымыз керек. Сонымен қатар, бастысы - ниет, біз танымал болу үшін немесе бізге "Жарайсыңдар", не "Асхат, сен барлық жесір мен жетімнің жанашырысың" деп айтуы үшін істеп жатқан жоқпыз", - дейді спикер. 
Асхат Нұрмашевтың сөзінше, қиын жағдайда белгілі бір деңгейден төмен түспеу өте маңызды. 
"Мен анама өте ризамын, ол мен үшін баға жетпес адам, оның үстіне мен жалғыз баламын. Менің басымнан көп қиындық өтті, тіпті бүгінде Asar-ume қол ұшын созатын отбасылардың жағдайымен бірдей. Бірақ анам белгілі бір деңгейден түсіп кетпеуіме жол бермеді. Мысалы жағдайы нашар үйге көшу деген секілді. Осы деңгейде қалу маңызды. Анама қиын болса да, ол белгілі бір өмір сүру деңгейін қалыптастырды. Жағдай қиын болса да, білім алуымызға септігін тигізді. Сол үшін анама алғыс айтамын", - дейді Асхат Нұрмашев.  
Сонымен қатар, эфир қонағы ер адамдарға қандай кеңес беретінін айтты. 
"Біздің қоғамда көп нәрсе ер адамға байланысты. Ер адам өзгелер оған қалай қарағанын қаласа, өзі де солай қарауы керек. Сол кезде ол әйеліне, сүйіктісіне оған не қызына қалай қарағанын қаласа, солай қарайды. Мысалы ол өзінің мақсаты бар, еңбектеніп, ақша табуға тырысатын 25 жастағы қызметкеріне қалай қарайды - оған өзіңнің қызың сияқты қара, себебі ертең сенің де қызың біреудің қол астында жұмыс істейді. Бәрі "бумеранг" бойынша қайтып келеді. Сондықтан ер адам үшін әділдік, адалдық және ар-ождан жоғары білімнен де маңызды", - дейді ол. 
ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.
Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России