“Айқап” журналының сол кезде редакторы М. Сералин болған, ал “Қазақ” газетінің редакторы Ахмет Байтұрсынұлы болған. Екі басылымдардың мақсаты бір болсада, бұл мақсатқа жету жолдары әр түрлі болды, сол себептен екі басылымдарының арасында түрлі қайшылықтар пайда болады бастады. “Айқап” пен “Қазақ” арасында туындап отырған айтыстартыс туралы алғашқы пікірлерді көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткерлері Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтың тарихи тақырыпта жазған еңбектерінен немесе Бейімбет Майлиннің мына сөздерінен кездестіреміз: “Енді келейік, «Айқап» пен «Қазақ» арасына. Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі”.Бір айта кетерлік жай, өздері өмір сүрген уақыт талабына қайшы екендігіне қарамастан, олар бұл мəселеге объективті...