Ахмет Байтұрсынұлы - Қазақ үшін қасиетті есім.Ол өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы дәлел. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы... ретінде жақсы біледі.Ахмет Байтұрсынұлы журналист ретіндеде талай еңбектер қалыдырып кеткен.Өзінің бар ғұмырын қазақ халқына арнаған Ахмет Байтұрсыновтың барлық мақалалары делік ел-жұрттың мәселесін шешумен ұлт тағдырына арналған еді.Сондай озық әрі өткір мақалаларының біріне «Айқап» журналының 1911 жылғы №2 санында жарияланған «Қазақтың өкпесі» мақаласын айтуға болады. Өзінің мақаласын Ахмет Байтұрсынов «қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана кіре бастады. Басқа келген нәубеттің...