Өлеңмен өрілген поэзия сардары - Абайдың лирикасындағы философиялық ойлар
Кәрі тарих беттерінде, қалың қазақ халқының жүрегінде рухани көсем болып қалыптасқан Ахмет Байтұрсынов: «Абайды қазақ баласы тегіс танып білуі қажет. Абай сөздері дүнияда қалғаны – қазаққа зор бақ»,- дей отырып, даналық өлшеміне айналған ойшыл Абайды қазақтың маңдайына біткен бағы, өз заманының ғана емес, ұрпақ жалғастығының да шам-шырағы дегені емес пе?
Әдебиетімізде «Алтын ғасыр» атанған XIX ғасырда дүниеге келген дара да дана Абайды Абай етіп қатайтып, қалыптастырған – тарих тағылымында қалған, қазақ халқының жанына батқан жұмыр, қиын қыстау кезеңдер еді. «Әр қазағым-жалғызым» деп, елдің ертеңіне алаңдатқан ой жүрегін біресе ысытты, біресе суытты, біресе өртеді, біресе мұз етті. Осы күйі мен лебін өмірім...
