Кезінде қалың қазақ елінің ағы мен қарасындай болған "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің бағыты екі түрлі болғанымен, негізгі түп мақсаты бір болды. Шырмауықтай шырмалған саясаттың шырмауында қалып қойған қараңғы халқымыздың көзін ашу болатын. Айқаптықтардың басты мақсаты елдің құлағы мен көзі бола білу, жеткізу болса, қазақтықтар халыққа жол сілтеп, таңдау жасау үшін үгіт - насихат жүргізе білді. Дегенмен, олар жиі айтысып отырған. Екі басылымның айтысқан себептерінің бірі жер мәселесі. Мысалы, "Айқап" журналының зиялылары қала болуды жақтаса, "Қазақ" газеті қала болуды қолдамады. Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың пікірі, мүддесі еді. Мұның біріншісі қазақтың кедейлері...