Ұлттық бірлік, жаңашылдыққа деген ұмтылысы мен талмас күш-жігер қасиеттері барда қоғамдық сана жанданады. Мысал келтірсем; туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатындағы бағдарлама, шаралар көбейсе, ғылым мен технологияларды жан-жақты меңгеруге жол ашылып, бағыт-бағдар көрсетілсе.. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Қоғамдық өмірдің әрбір кезеңіне қарай өмір сүру үшін өзгере білуінде әрі соған сәйкес әрекет етіп, оны ұлттың озық тәжірибесімен ұштастыра білу, міне, дамудың белгісі. Алайда сол әрекет барысында ғасырлар қойнауынан жеткен қазаққа тән әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, болмысымыздың ерекшеліктерін де қатар алып жүруіміз тиіс деп ойлаймын. Ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман...