“Талбесіктен жербесікке дейін”. Адам баласының өмірі осынау сөз тіркесімен сипатталатын секілді... Адам атаулы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап-ақ түрлі салт-дәстүрлерді , ырым-тиымдарды бойына жиып өседі. Тұлғаның өмірлік мағынасы да өзіміздің ұлттық көзқарастарымызға қарай қалыптаса бастайды деп ойлаймын. Мәселен адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асырады. Тұлғаның өмірінің мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді. Адам баласына дүниеге келген сәтінен бастап түрлі ырымдар, тиымдар, салт-жоралғылар жасала бастайды. Мысалы ең алғашқыларының бірі ол қырқынан шығару рәсімі. Одан соң бесік той, тұсаукесер... Сол сияқты қазақ халқының ең аса мән беріп, маңыз аударатын ғұрыптарының бірі-ырым. Сонау кезеңнен қалыптасқан түрлі ырымдарды...