Мәдениет... Мәдениет ұғымын сонау мектеп кезінен адам баласына жете таныстырады. Бұл сөздің өзі қандай да бір түсінікті беріп тұрғандай. Мәдениеттің қандай түрлері бар, нешеге бөлінеді, мәдениетті адамға қандай қасиеттер тән екендігін де әрбір жан білуі тиіс. Себебі мәдениет, адам өмірінде маңызды орын алады. Мәдени құндылығы арқылы адамның өмір салтын, жан-дүниесін, рухани қазыналарын байқауға болады. Біздің тіл мәдениетіміз, дін мәдениетіміз, салт-дәстүріміз-сонау ғасырлар үнінің жаңғырығы. Кез келген халықтың мәдениеті бос нәрсеге емес, адамдар мен оны қоршаған ортада әрекет етеді. Ол – заман ағымның өрісі. Мәдени нысанның ең басты артықшылығы оның тылсымдық қасиетінде. Мәдениеттің негізгі қайнар көзі, өзегі салт-дәстүр, әдеп-ғұрып болып табылады.Мәдениеттің адам өміріне тікелей қатынасы бар деп нақты айта аламын. Өйткені...