Міржақып Дулатовтың “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы
Серке газеті — Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі болған тұғын. Алайда бұл газеттің жабылуына әсерін тигізген бірден-бір себеп — ақын-жазушы Міржақып Дулатовтың мақалалары. Соның ішінде: “ Жастарға” атты өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы. “Біздің мақсатымыз” мақаласының жариялануында саяси астары мен мәні бары айқын. Оны мақаланың мына бір жолдарынан байқаймыз: “...Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып- соғып, мал-мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді...” Яғни осы сөздері патша өкіметінің қытығына тиіп, гезеттің жабылуына әсер етуі әбден мүмкін:
•Қазақтың шұрайлы жерлерін орыстарға бермеу қажеттігі жөнінде;
•Мал-мүліктеріне ие болуы жөнінде;
•Халық өзінің талап- тілектерін ашық білдіру қажеттігі...
