“Қазақтың өкпесі” мақаласының мәні қандай болды? Не жайында айтылды? Бұл сұрақтардың жауабын автордың өзі мақала басында айтып өткен. “Төменде қазақ өкпелеуінің жөні бар ма, жоқ па - соны жазбақпын.”,- деп жазып өткен. Әр халықтың, әр мемлекеттін басты байлық қазынасы ол-шұрайлы жері. “Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны - жер қазыналық болғандықтан. Бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытатын қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тентіреп кетер еді. Жер жалдаған қазақ аз ба? Жер жалдаудан тартынбағандар сатудан да тартынбайды. Жер қазыналық болған соң сата алмады, жалдаудан тартынып қалған қазақ аз шығар?! Қазақ облыстарындағы мұжық қалаларының көбін хакім қондырған жоқ, қазақ өзі қондырған. Естектер сықылды шай, қант, шүберекке...