Добавить новость
103news.com
World News
Декабрь
2021

Шымкентте кітапханалар жаңарып жатыр

0

Биыл Шымкентте 10 кітапхана жаңғырып, олардың мазмұны заманауи қызметтермен толықты. Солардың бірі - заман талабына сай жасақталған көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оқырмандар игілігіне тапсырылған нысанды қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді. Қала басшысы биыл қалада он кітапхана жаңғыртудан өткенін жеткізді.

"Кітапханаларды ой-сананың орталығы ретінде қайта жаңғыртуымыз қажет. Кітапханалар жастар мәнді уақыт өткізетін, өзін-өзі жетілдіретін орын болуға тиіс", - деді М.Әйтенов.

Жаңғырған кітапхананың жұмысымен танысуға Алматы қаласы мен Жамбыл және Қызылорда облыстарының зағип жандарға арналған кітапхана басшылары да арнайы келді. Олардың айтуынша, Қазақстанда заманауи безендірілген, барлық азаматтарға теңдей мүмкіндік жасалған осы сынды жаңғыртылған кітапхана кемде кем.

Келушілерге оқу бұрыштары қойылған және электронды кітап каталогтарымен танысуға мүмкіндік бар. Конференц залдар қарастырылып, заманауи техникалармен жабдықталған, интернет байланысымен қамтылған.
Сонымен бірге, балалардың қосымша білім алып, ойнап тынығуына арналған "Baby Books" залы, демалыс бұрышы мен музыка тыңдауға арналған орындар да бар. Оқырмандар қажеттілігі үшін кофе-бар қызмет көрсетіп, кітапханалық ортада ғылыми дебаттар, дискуссиялар өткізуге мүмкіндіктер ашылған. Сондай-ақ, мұнда түрлі бағыттағы кездесулер, әдеби ток-шоулар, библио-аукциондар, бенефистер, практикумдар, блиц-викториналар ұйымдастыруға ұтымды орта түзілген. Кітаханада оқырмандарға арналған жазғы мезгілдегі сахна, жазғы кітап сөрелері, ересектер мен балаларға арналған әткеншектер, заманауи капсулалар және балалар алаңшасы орнатылған.

Бұл кітапхана өз қызметін 1969 жылы бастап, бүгінде 7 мыңнан аса зағип жандарға кітапханалық қызмет көрсетеді. Кітапханада "Дыбысты кітаптар шығару", "Брайль кітаптарын басып шығару" бөлімдері мен қазақша бедерлі-нүктелі шрифтің авторы Ақан Қасымовтың атында зал бар. Аудиоформаттағы кітаптар санын ұлғайту жобасы шеңберінде биыл әдебиеттерді дыбыстау жұмыстарына қалалық театр әртістері мен мәдениет қызметкерлері жұмылдырылды. Арнайы кітапхананың кітап қоры 140 мыңнан аса әдебиеттен тұрады. Оның ішінде бедерлі-нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі-графикалық құралдар қамтылған. Аудио әдебиеттер қоры 5 мыңнан аса көркем шығармалардан тұрады. Жаңғырудан кейін оқырман санын 14 мыңға, келушілер санын 110 мыңға, кітап берілімін 170 мыңға және кітап қорын 150 мыңға арттыру көзделген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России