Кремль куранттары
Адамзатқа тән игі-ізгі бар қасиет бір бойынан табылатын данышпан Ленин туралы әдебиет пен өнердің бар саласында басталған Лениниана — қалам қайраткерлері үшін де таусылмас, әсте толас таппас тақырып. Ленин бір дәуірдің еншісі емес. Ол жеңімпаз болашақтың да иесі. Ленин туралы тебірену бір дәуірдің таланттарының ғана тірлігі емес, ол бар данышпандықтың шешімінде де шек жоқ. Адам қауымы тұрғанда данышпан бар ғасырдың ұлы, бар ғасырдың мақтанышы бола бермек. Олай болса, Ленин өмірін сөз етер әр шығармада Ленинге тән көркемдік шындықты жазған жазушыдан бақытты кім бар дейсіз.
Бұл сапарда көптеген әдеби шығармаларда бүгінгі таңда еңсесі биік тұрған үлкен талант иесі Лениндік сыйлықтың лауреаты...