Добавить новость
103news.com
World News
Январь
2022

"Қазақстан халқына" қорының басшысы тағайындалды

0

Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан халқына" қорының міндеттері:

денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;
Қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.

Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, мөлшерлемелерді есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдардан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылады.
"Қазақстан халқына" қорының төрағасы лауазымына қамқоршылық кеңес Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынғаны және шешім бірауыздан қабылданғаны хабарланды.
Болат Жәмішев 2019 жылдың сәуірінде Қазақстан баму банкінен кетті. Бұған дейін ол Қаржы министрлігін (2007-2013 жылдар), Өңірлік даму министрлігін (2013-2014 жылдар) басқарған, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы болды (2004-2006 жылдар). Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.
"Қазақстан халқына" қоры немен айналысады?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России