Добавить новость
103news.com
World News
Январь
2022

"ҚазТрансОйл" басшысы Димаш Досановтың өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды

0

"ҚазТрансОйл" басшысы Димаш Досановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sk.kz сайтына сілтеме жасап. 

"2022 жылдың 14 қаңтарынан бастап Димаш Досановтың "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген хабарламада. 

Димаш Досанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған, сондай-ақ Джорджтаун университетінің (АҚШ) іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА) дәрежесіне ие. Қазақ, орыс, ағылшын және италиян тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының жанындағы шағын және орта бизнесті дамыту қауымдастығының менеджері болып бастаған.

2004 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инновациялық саясат және жаңа технологияларды дамыту департаментінің жаңа технологияларды дамыту бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2006 жылға дейін "Қазмұнайгаз "БӨ" АҚ-да әкімшілік департаментінің менеджері, бас директордың көмекшісі, Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері, технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру департаментінің аға инженері лауазымдарында еңбек етті.

2006-2010 жылдары - қазақстандық "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ дамыту департаменті директорының орынбасары.

2010 жылдан 2014 жылға дейін - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ атынан "ҚМГ Қашаған Б.В" іссапарға жіберілген NCOC сервисі жөніндегі бас менеджерінің орынбасары, сервис жөніндегі бас менеджері.

2014 жылдан 2016 жылдың қаңтарына дейін - "Қазақстан-Қытай құбыр желісі" ЖШС бас директоры.

2016 жылғы 15 қаңтарда "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма мүшесі болып сайланды.

2016 жылдың қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды. 2016 жылғы тамызда "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России