«Қайтыс болған» қалжыңдар
Бала күнім. Дастарханға жиналған апалар да өзара әзілдесіп, күліп жырғап жататын. Сонда көбінің айтатын әзілдері, «анау Гүлсім, байқамай қайнасағысының атын айтып қойыпты, пәленнің келіні енесінің атын айтып қалыпты, сөзден сөз шығарып байқатпай аузына салып жіберген қайындары екен», деген секілді әңгімелер. Соған қарық болып күлетін. Тіпті мына бір оқиғаны біздің ауылда білмейтін адам жоқ. Құсайын деген ақсақалдың келіні автобуспен қалаға барыпты. Жолда бензиннің исінен жүрегі айнып лоқсиды ғой. Аңғал...
