Біз Шоқан Уәлихановты ағартушы, географ және тарихшы ретінде білеміз. Алайда, Шоқанның публицистикалық қырын да айтпай кету мүмкін емес. Әжесінің арқасында Шоқан Уәлиханов бала кезінен қазақ аңыз – әңгімелерімен, мақал – мәтелдерімен сусындап өсті. Қазақ ауыз – әдебиетін жетік білген тұлғалардың бірі болды. Ол кішкентай кезінен оқып, білімін жетілдіре түсті. Соның арқасында өзінің жан – жақтылығын көрсетті. Сол кезеңде қазақ халқының жағдайы өте ауыр болған еді. Халықтың жай-күйі Шоқанды қатты алаңдатты. Осы тұста өзінің біраз публицистикалық мақалаларын жариялаған болатын. Мақалаларында халықтың мүддесін қорғап, әділеттілік үшін күресті. Патша үкіметінің озбыр саясатын сынға алды. 1864 жылы Қазақстанда реформа іске асты. Сол кезде Шоқан...