Қазақтың ақын қыздары
Қазақ халқы ежелден қыз баланы, әйел затын сыйлап, аялап өсірген. Ел билеген хан, халықты аузына қаратқан батыр болсын — бәрі де ақыл иесі әйелдің сөзіне тоқтаған; әйелмен ретті жерде кеңесіп, ілтипат көрсетіп отырған. Қазақ даласының құмға батқан қалаларының аты-ақ — мысалы, «Баршынкент» — халқымыздың әйел адамға, лайықты қыздарына деген қадір-құрметін көрсеткендей. Сол сияқты өнерлі әйелге де халық құрметпен қарап, қошамет тұтқан.
Қазақ жұрты ежелден қыз баланың бойындағы талантын, өнерін қадірлей білген халық екенін алысқа бармай-ақ өткен ғасырда өмір кешкен ақын Сара, күйші-композитор Дина, әнші-композитор Майра өнерінен көруге болады. Алайда қазақ әйелінің бойындағы барлық өнер, қабілет-талантын толықтай көрсетуге уақыт пен заман...
