Алматыда жыл басталғалы 14 бала тамақтан уланған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Көктем келісімен дүкен сөрелері түрлі жеміс-жидек, көкөністермен толатыны белгілі. Дегенмен, жылдың осы мезгілінде азық-түліктерді байқап тұтынған дұрыс. Неге десеңіз, ішек инфекциясын жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Кенжегүл Қонысбаева айтып берді.