Ақтөбеде осымен бесінші мәрте Baqytty Bala халықаралық байқауы өтеді
![Ақтөбеде осымен бесінші мәрте Baqytty Bala халықаралық байқауы өтеді](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/08/01/220731215455926e.jpg)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 9-14 тамыз аралығында «Baqytty Вala-2022» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы өтеді. Әлемнің 8 елінен келген 10-16 жас аралығындағы талантты 20 жасөспірім Ақтөбедегі Өнер орталығында бас жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.