Сайлауда ақпарат тарату үшін әлемнің 23 елінен 106 журналист келген
АСТАНА. ҚазАқпарат – 264 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары сайлау процесі туралы ақпарат таратты. Оның ішінде, осы сайлауға әлемінің 23 елінен 106 журналист арнайы келіп, олар уақытша аккредиттелді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.