Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2023

Қазақстандық блогер ең төменгі жалақыны бір айға жеткізе алмады

0
Қазақстандық блогер Глеб Понамеров "ең төменгі жалақы - 70 000 теңгеге бір ай өмір сүру" экспериментін мерзімінен бұрын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Понамеров Facebook-парақшасында жазба жариялап, ақша 13-ші күні таусылғанын жазды.

"Эксперимент шарттарын барынша жеңілдеткеніме қарамастан осылай болды. Мен отбасы мүшелерін және пәтер жалдау ақасын қосқан жоқпын. Киім-кешектен ештеңе сатып алған жоқпын. Несиелер мен қарыз болуы мүмкін екенін ескермедім. Көлік қолданбай – барлық жағдайда жаяу жүрдім деуге болады", - деді ол.

Блогер экспериментте таза үнемдеймін деп ойлағанын, бірақ процесте басқа аспектілер пайда болғанын атап өтті.

"Қорытынды әртүрлі болады, біреулерге ұнамауы мүмкін. Міне, менің 13 күндегі шығындарым:

Коммуналдық төлем: 15 000 (21,4 пайыз).
Азық-түлік: 32 032 (45,7 пайыз).
Тұрмыстық химия заттары: 2 285 (3,2 пайыз).
Шаш қию: 4 000 (5,7 пайыз).
Ұялы байланыс қажеттілігі: 2 490 (3,5 пайыз).
Жол ақасы: 480 (0,6 пайыз).
Дәріхана: 15 020 (21,4 пайыз) (дәрі-дәрмек құны бюджеттен асып түсті)".


Сондай-ақ, блогер эксперимент барысында өмір сүру деңгейін барынша төмендеткенін қосты.

"Ешқандай ойын-сауық, фитнес залдары, кинотеатрлар жоқ. Тәтті, кофе және алкоголь мүлде жоқ. Егер мен баламды экспериментке қоссам, киім-кешек сатып алсам, несие төлесем, емделсем, эксперимент алғашқы 2-3 күнде аяқталар еді. Менде ертеңге дейін (15-ші күнге дейін) азық-түлік қалды. Ал сатып алынған тұрмыстық химия заттары айдың аяғына дейін жетеді. 13 күн бойы бір рет қонаққа бардым және маған бір рет кофе және бір рет түскі ас алып берді - бұл экспериментті кем дегенде бір күнге созды. Мүмкін тек кеспе алып жесем, ақшаны бір айға созар едім. Бірақ бізде 90-жылдар емес қой, қоршауда отырған жоқпыз ғой?"

Глеб Понамеров эксперименттің бірінші күнінде-ақ алаңдау сезімі пайда болғанын айтты.

"Ақшаны қайда және қалай үнемдеу керек деген ойдан қатты күйзелдім. Бір-екі күннен кейін ашушаңдық қосылды. Тәжірибенің көп бөлігінде апатия мен депрессияда жүрдім. Өкінішке қарай, көпшілігіміз осы күйде өмір сүріп жатырмыз, ол қоғам денсаулығына жақсы әсер етпейді".

Сонымен қатар, Глеб Пономарев өз тәжірибесінде артықшылықтарды табуға тырысқанын айтты.

"Бірақ олардың саны көп емес: мен ішімдік пен фастфудтан бас тарттым. Сонымен қатар, әдетте қаншалықты қажетсіз сауда жасайтынымды түсіндім. Тұтынуымды аздап қайта қараймын, бірақ шамадан тыс емес. Мен кейбір ұсақ-түйектерді көбірек бағалай бастадым.
Менің қорытындым: 70 000 теңгеге өмір сүру мүмкін емес, тіпті бір адамға. Сіз аман қаларсыз. Бірақ денсаулық пен психикаға үлкен зиян келтіреді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России