БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Біріккен Ұлттар Ұйымына 80 жыл
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толды
Биыл БҰҰ-ның 80 жылдық мерейтойы әлем бойынша атап өтілуде. Ал 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толды. Осыған орай 3 наурызда Алматыда «Бейбітшілік пен жасампаздық жолындағы ынтымақтастық: Қазақстанның БҰҰ-ның құрамына кіруінің 33 жылдығы және БҰҰ-ның 80 жылдығы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
ҚР Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігі ұйымдастырған халықаралық басқосуды БҰҰ-ның Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар Департаментінің өкілі Властимил Самек жүргізді. Ол БҰҰ-ның 80 жылдық мерейтойымен қатар Қазақстанның ұйымға мүше атануының 33 жылдығымен құттықтады. Әрі Қазақстанның әлемдік қауіпсіздік пен...
