Мені тамсандырған тұлға
Мені тамсандырған тұлға
Алаштың асыл перзенті, елінің еңсесін тіктеуге өмірін арнаған ұлы тұлға, қайсар ақын, жалынды көсемсөз шебері-Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай жазылған ойтолғам.
«Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын»
(Ә.Бөкейхан)
Батыс елдеріндегі танымал тұлғаларға қызығушылық танытып, тіпті оларды “кумир” ретінде көреміз. Алайда өзіміздің тарихымыздың тереңіне үңілсек, XX ғасырдың нағыз кумирлері өз ұлтымыздың өкілдері болғанына көз жеткіземіз. Қазақ халқын қалың ұйқыдан оятып, азаттыққа, білімге, өркениетке жетелеуге бар күш-жігерін салған тұлғалардың бірі – Міржақып Дулатұлы. Сол бір кеңес дәуірінің қилы заманындағы қиындықтарына қарамастан, халық арасында “Оян Қазақ” деп ұран тастаған дарабоз. 1909 жылы Қазан қаласында “Оян, Қазақ!” басылып шыққан уақыттан...
