Университет жарқын болашақ кепілі
Білім адам баласына керек ең басты дүниелердің бірі. Себебі өмірде жеткен кез келген жетістігіңнен бір сәтте айырылып қалуға болады. Ал миға сіңірген біліммен өмір жолыңда бір рет жеткен жетістікке тағы да жетуге болады. Қай заманның ғалымын алсаңда білімге ізденіске шақырады, ол бекер емес, себебі білімнің берері көп.
Білімнің қара шаңырағы атанған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, көпшіліктің білім алу жолындағы армандайтын университеті. Ал, мен өзімнің қызығушылығымды зерделей келе, экономика саласы қызықтырған соң, ҚазҰУ-ің Экономика және бизнес жоғары мектебі, Экономика білім беру бағдарламасында оқып жатырмын және осы университетте оқып жатқанымды мақтан тұтамын!
Мектеп бітірген барлық жастардың басты арманы ол еліміздегі ірі...
