"Абай Құнанбаевтың шығармашылығы"
Нурбекова Кадиша Нурбековна
Тәрбиеші,
“Шығыс Балдырған” ЖШС
Абай Құнанбаевтың шығармашылығы
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды.
Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар...
