Журналистика – ой мен сөздің тоғысқан шеберханасы, ал сұхбат – сол шеберхананың алтын қазығы, нағыз шеберлік мектебі. Сұхбат – бұл жай ғана әңгіме емес, ол – таным мен талғам тоғысқан, пікір мен пайым өлшенген, сөз бен сана сүзгіден өткен интеллектуалдық әрекет. Сондай-ақ жай ғана сөз алмасу емес, көңілдің көрігін қыздыратын, пікірдің парқын арттыратын ұлы дүние. Жақсы сұхбаттың негізі – журналистің терең білімі мен сұңғылалығында жатыр. Ол тақырыпты жетік меңгеріп, кейіпкерінің болмысын зерттемейінше, әсерлі сұхбат жасау мүмкін емес. Әрбір сәтті сұхбаттың артында үлкен дайындық, зерделі зерттеу, салмақты сараптау тұрады. Сұхбат берушінің өмір жолын, кәсіби қызметін, дүниетанымын саралай білген журналист қана...