«Пластик проблемасы — жаһандық қауіп»
Бүгінгі таңда жер бетіндегі ең өткір экологиялық мәселелердің бірі — пластик қалдықтарының көбеюі. Арзан, ыңғайлы және төзімді материал ретінде танылған пластик ХХ ғасырдың басты өнертабыстарының бірі болып есептелсе де, ол бүгінде адамзат пен табиғатқа қарсы айналып отыр. Себебі, пластик – ыдырамайтын, жойылмайтын, ал табиғатқа бір түскеннен кейін ғасырлар бойы қалып қоятын жасанды материал. Пластиктің әсері бүкіл планетаға таралған, оның зардабы суға, жерге, ауаға, тіпті адам ағзасына да жетіп отыр.
Пластиктің таралуы мен ластануы
Жыл сайын дүние жүзінде 400 миллион тоннаға жуық пластик өндіріледі, оның тек 9%-ы ғана қайта өңделеді. Қалған бөлігі полигондарға, ормандарға, өзен-көлдерге, мұхиттарға...
