Добавить новость
103news.com
World News
Апрель
2025

“Үш жыл бойы қайда болдыңыздар?“ - депутат министрге шүйлікті

0

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әділет министрлігінен прокуратураның мәліметі бойынша ұрлық пен алаяқтық әрекеттер жасаған жекеменшік сот орындаушыларының (ЖСО) неге әлі күнге дейін жұмыс істеп жүргенін түсіндіруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа осындай сұрақпен жүгінді. Депутаттың айтуынша, 2022 жылғы прокуратураның ұсынысына қарамастан, заң бұзған ЖСО-лар әлі де қызметін жалғастырып жүр.

"2025 жыл таяп қалды – үш жыл өтті, ал ЖСО-лар, яғни ұрлық пен алаяқтық жасағандар, бостандықта жүр, әрі солай қала береді дегілеріңіз келе ме?" – деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген әділет министрі Ерлан Сәрсембаев "бұл мәселеге соңғы нүктені тек сот қоя алады" деп жауап берді. Алайда, бұл жауап Базарбекті қанағаттандырмады.

"Үш жыл бойы қайда болдыңыздар? Министрлікке тез арада орындау қажет деген ұсыныс жасалған еді", – деді ол.

Министр бұл мәселеге қатысты былай деп түсіндірді: "Әділет органдары лицензиядан айыру мәселесін өз бетінше шешпейді".

"Олар (әділет органдары – еск.) ұсыныс енгізеді. Мен әр ЖСО-ға жеке-жеке қарап шығуға дайынмын: егер әділет органдары тарапынан ұсыныс енгізілмеген болса, ол үшін жауапты тұлғалар жазаланады. Ал егер олар ұсынысты енгізіп, бірақ сотта ЖСО тарапынан заңбұзушылықты дәлелдей алмаса, сот шешімі орындалуға міндетті болатынын білесіздер деп ойлаймын", – деді Сәрсембаев.

Айта кетейік, былтыр Алматыда 51 жекеменшік сот орындаушысы жазаланған болатын. Бұған олардың 1000-нан астам борышкерге қатысты шара қабылдамағаны себеп болды.
Бұған дейін Әділет министрлігі 2023 жылы сот орындаушылары мен нотариустардың әрекетіне қатысты 40 мың шағым түскенін хабарлаған. Азаматтар өз өтініштерінде нотариустардың атқарушылық жазбалар ресімдегенінен бейхабар болғандарын, тек мүліктерге тыйым салынған соң немесе басқа шектеулер енгізілгеннен кейін ғана білгендерін айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России