“Күмәнді мәмілелер“: Ақтөбе футбол клубы тексеріліп жатыр
Облыс прокуратурасы Ақтөбе футбол клубын тексерген. 250 млн теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталған.
"Соның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасалған. Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажеттіліктеріне жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.
Тексеріс қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы мына баптар соталды тергеуді бастады:
Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру);
361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану);
190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 соталды тергеп-тексеру басталды.
"Қылмыстық істер тергеп-тексеру үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Істердің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан футболында қаржы талан-таражға түскені хабарланды. Бас прокуратура ҚФФ және бірқатар футбол клубын тексергеннен кейін 3 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді.
Федерацияның бұрынғы басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалып, Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
