Добавить новость
103news.com
World News
Май
2025

Семей тұрғындарын қалалық зираттағы түсініксіз белгілер алаңдатып қойды

0

Семей тұрғындарын қалалық зираттағы түсініксіз белгілер алаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейіттерге бормен екі сызық сызылған. Қала тұрғындары бұл сүруге кіретін қабірлерді белгілеу болуы мүмкін деп күмәнданды. Әлеуметтік желілерде суреттер жарияланып, адамдар олардың нені білдіретінін анықтауға тырысты.
Семейліктер мұндай белгілерді жол жиегіндегі де, зираттың қарағайлы орман ішіндегі алыс жерлеріндегі құлпытастардан да көруге болатынын айтады. Пікірлерде кейбір қолданушылар бұл ескі, қараусыз қалған қабірлер болуы мүмкін деп болжаған. Егер белгі өшірілмесе, онда қабірге ешкім күтім жасамайды дегенді білдіреді.
Tengrinews.kz бұл жайтқа қатысты пікір алу үшін Семей әкімдігіне жүгінді. Әкімдік өкілдері бұл белгілер 2024 жылы жүргізілген зираттарды цифрландыру жұмыстары кезінде сызылған болуы мүмкін екенін айтты.
Абай облысы бойынша Qamqor-Sharapat ритуалдық қызмет көрсету орталығы филиалының директоры Арман Иманқалиевтің айтуынша, екі сызық – орталық қызметкерлері ішкі бағдар ретінде қойған белгілер, яғни шатасуды болдырмау үшін салынған. Бұл белгілердің қабірлерді сүрумен ешқандай қатысы жоқ.
Цифрландыру үдерісі Семейде де жүргізіліп жатыр. 2024 жылы Ақпарат министрлігінің өкілдері қабірлер туралы деректерді бүкіл ел бойынша бірыңғай базаға енгізе бастады. Бұл мәліметтер кейін мобильді қосымшаға біріктіріледі, сол арқылы әрбір азамат өз туысының жерленген орнын таба алады.

"Қазір біздің қалада да зираттарды арнайы ақпараттық жүйеде цифрлау үдерісі іске асырылып жатыр. Қабірлерді тіркеу жүйесі әрбір қабірді бақылауға мүмкіндік береді. Қазір бар құлпытастар суретке түсіріліп, базаға енгізіледі. Болашақта әр азамат әлемнің кез келген нүктесінен қосымша арқылы туысының қайда жерленгенін біліп, қажетті мәліметтерге қолжеткізе алады", – деп нақтылады Семей әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Семейдегі зираттарды цифрландыру жұмысы 10 пайызға орындалған, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Әкімдік бұл жоба Қазақстанның басқа да қалаларында, соның ішінде Астана, Шымкент және Павлодарда да жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России