Добавить новость
103news.com
World News
Май
2025

АҚШ Қазақстаннан 49 жылға жалға жер алады: Сенат келісімді ратификациялады

0

Сенат Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Алматыда консулдық салу үшін АҚШ-қа жер телімін жалға беру туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Келісімнің шарттары
АҚШ Алматыдан жаңа бас консулдықтың ғимаратын салу үшін шамамен жеті гектар (70 593 шаршы метр) жер телімін 49 жыл мерзімге жалға алады. Бұл жалға алу үшін АҚШ 25,3 миллион долларды бір реттік төлем ретінде келісім күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде төлейді.
Келісім талаптарына сәйкес, АҚШ салықтар мен кедендік төлемдерден босатылады. Барлық құрылыс, қызмет көрсету, жөндеу және коммуналдық қызметтер шығындарын өздері өтейді.
Консулдықтан бөлек, бұл аумақта АҚШ Сауда министрлігінің, Есірткімен күрес агенттігінің және Коммерциялық қызметтің өкілдіктері де ашылады деп жоспарланған
Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, жаңа консулдық Орталық Азиядағы ең ірі виза орталығы болады. Бұл Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ бизнес пен қызмет көрсету саласының дамуына ықпал етеді.
Келісім ресми түрде бекітілгеннен кейін, бұл халықаралық әріптестердің сенімін нығайтып, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты жақсартуы тиіс.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, қазіргі кезде Алматыда орналасқан АҚШ консулдығының қызметкерлері жаңа ғимарат салынғаннан кейін сол жерге көшеді.

"Қазір Алматыда екі ғимаратты жеке жалға алып отыр. Жаңа бас консулдық салынған соң, барлық қызметкер сол жерге көшеді. Штаттың кеңеюі туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ бұл толыққанды инфрақұрылымы бар ғимарат болатындықтан, белгілі бір деңгейде кеңейту болуы мүмкін. Бұл мәселені АҚШ тарапымен нақтылау керек", – деді ол Сенаттың кулуарында.

Президент келісімді ратификациялап қол қойғаннан кейін, әкімдік пен бас консулдық қосымша келісім жасасады. Осыдан кейін жаңа ғимараттың құрылысы басталады. Рахметуллиннің айтуынша, бұл жобаны америкалық құрылыс компаниясы жүзеге асырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России