Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртенді: 12 адам құтқарылды
Куәгерлер түсірген видеода көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконы өртеніп жатқаны көрінеді. Кейінірек жалын бесінші қабатқа тараған.
ТЖМ мәліметінше, Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт шыққан жалын жоғарғы қабаттың балконына ауысқан.
"Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өртсөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді", - делінген хабарламада.
ТЖД күшімен баспалдақ маршы және құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылған. 1946 жылы туған кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
