Добавить новость
103news.com
World News
Май
2025

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

0

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды. Бұл олар мүліктің заңды жолмен алынғанын дәлелдей алмаған жағдайда қарастырылады. "Кеңейтілген тәркілеуге" негіздеме көрсетілген хатты бас прокурор Берік Асыловқа Мәжіліс депутаты Марат Башимов жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Башимов Facebook-парақшасында жазды.

"Жақында Мәжілісте ақшаны жылыстатуға қарсы маңызды заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады. Оған ФАТФ (Ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы – еск.) халықаралық ұйымы ұсынған 100-ге жуық түзету мен құқықтық нормалар енгізілді. "Кеңейтілген тәркілеу" институты еліміз үшін аса маңызды. Мұндай көлемде ұрлық әлемнің ешбір елінде болмаған. Сондықтан осы мәселе бойынша Бас прокурор Берік Асыловқа қолдау көрсету туралы хат жолдадым", – деді депутат.

Башимовтың айтуынша, әлемнің барлық дерлік елінде ФАТФ ұсынымдары заңнамаға енгізілген, алайда Қазақстанда бұл процесті "барлық деңгейдегі лоббистер, әсіресе олигархтар" тежеп отыр.

"Қазір бұл норма болмағандықтан және активтер үшінші тұлғаларға аударылып қойғандықтан, көп адам жауапкершіліктен сытылып кетіп жатыр, олардың мүлкі толық тәркіленбейді. Ал сотталған адам алаңсыз "отырады", себебі үшінші тұлғаларға, туыстарына, көңілдестеріне жазып берген дүниесін ешкім алмайтынын біледі. Ертең сол активтер мен ақшаның қызығын көреді", – деп түсіндірді депутат.

Кеңейтілген тәркілеу тек адамның мүлікті заңды жолмен алғанын дәлелдей алмаған жағдайында ғана қолданылуы мүмкін.

"Мынадай механизмі ұсынылады: қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған тұлға қалған мүлкін заңды жолмен қалай иеленгенін дәлелдеуі керек. Егер дәлелдей алмаса, ол тәркіленуге жатады", – деп түсіндірді Марат Башимов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России