Добавить новость
103news.com
World News
Май
2025

Биыл Түркістан облысында 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылады

0
Түркістан облысы бойынша 2025 жылы 1060 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үй – 410,2 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үй көлемі 649,8 мың аршы метр болады деп күтілуде.
Сәуір айының қорытындысымен өңірде 226,1 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға тапсырылды. Осы саладағы мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.


"Тұрғын үй бойынша жоспарланған құрылысты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырамын. Жұмысты кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарларына тиісті шара көріледі. Тұрғын үй мәселесі өте өзекті екенін білесіздер. Сондықтан алдын ала инфрақұрылым, жер мәселесін, баспананы үйлестіру жұмыстарын жүйелеу керек", – деді Нұралхан Көшеров.


Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, тұрғын үй құрылысының жоспарына жету үшін жалпы бюджеттен 31,3 млрд. теңге қаралған. Оның ішінде кредиттік тұрғын үйдің құрылысына 13,8 млрд. теңге, арендалық үйлердің құрылысына 2,0 млрд теңге, арендалық үйлерді сатып алуға 15,5 млрд. теңге қаралған.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 29 тұрғын үйдің (2078 пәтер) 4-еуі (160 пәтер) пайдалануға тапсырылды. Қалған 25 үйдің құрылыс жұмыстары 85 пайызға орындалған, биыл тамыз айына дейін кезең-кезеңмен пайдалануға беру көзделіп отыр. Кентау қаласындағы 5 қабатты 1 тұрғын үй, яғни, 60 пәтердің құрылыс-монтаждау жұмыстары 95 пайызға орындалған, маусым айында пайдалануға беріледі. Облыста 8 арендалық тұрғын үйдің (380 пәтер, 23,7 мың ш.м.) құрылысы іске асырылуда.
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Биыл республика бойынша 5139 арендалық пәтер сатып алу жоспарланған. Оның ішінде, кезектегі азаматтардың үлесіне сәйкес, Түркістан облысына 578 пәтерге қаржы қаралған.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России