Добавить новость
103news.com
World News
Май
2025

Тоқаев Германия Бундесратының президентімен кездесті

0

Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Германияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі стратегиялық серіктесі ретінде атап, бұл ел экономикамыздың жетекші инвесторының бірі саналатынын айтты.

"Германия – біз үшін маңызды ел, Еуропадағы негізгі серіктесіміз. Сіздердің мемлекетпен ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Германияға жасаған сапарым туралы ойыммен бөліскім келеді. Өзім бұрыннан жақсы білетін Штайнмайер мырзамен келіссөз жүргіздім. Ал парламентаралық байланыстарға келетін болсақ, мен ықпалдастықтың бұл бағытын қолдаймын", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттары жайында әңгімелеп берді.

"Қазір ірі инфрақұрылымдық жобаларды, цифрландыру және жасанды интеллектті дамытуға күш салу керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларын да өркендету қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси реформалар жүргізгенін жеткізді.

"Заңнамаға, ең әуелі, Конституцияға жасалған өзгерістер Қазақстанның жаңғыру жолына түбегейлі түскенін көрсетеді. Әрине, реформалар жалғасып жатыр. Құқық қорғау және сот жүйесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл – өте маңызды. Бірақ мемлекеттің құрылымы, мен бұл жерде президенттік басқару жүйесі туралы айтып отырмын, бұрынғы қалпында сақталады. Өйткені қазіргідей алмағайып кезеңде мемлекеттің сипаты осындай болуға тиіс. Бұл біздің түсінігімізге сай келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Анке Релингер кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел игілігі жолында ортақ мақсаттарды ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.

"Ой-пікір алмасуға уақыт бөлгеніңіз үшін көп рақмет. Сіздің ыстық ықыласыңызды Федералдық Президент Штайнмайерге жеткіземін. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияның шынайы досы. Қазақстан орта держава ретінде біздің осы өңірдегі негізгі серіктесіміз", – деді Германия Бундесратының Президенті.

Кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России