Добавить новость
103news.com
World News
Май
2025

Алматы маңындағы оқушының өлімі: ІІМ өкілі мән-жайды айтты

0

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы облысында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оқушы түлектер кешінде шампурдан алған жарақаттан қаза тапқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әділовтің Мәжіліс кулуарында айтуы бойынша, кәмелетке толмаған күдікті екі айға қамауға алынған.

"Қасақана адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазір белсенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мектеп директоры қызметінен босатылды, оқу ісі жөніндегі меңгеруші мен екі сынып жетекшісіне қатаң тәртіптік жаза қолданылды", – деді спикер.

Журналистер күдіктінің не себепті мұндай әрекетке барғанын сұрады.

"Барлық мән-жай соталды тергеу барысында анықталады. Қазір тергеу енді ғана басталды", – деп жауап берді Әділов.

Алматы облысындағы жантүршігерлік оқиға
Соңғы қоңырау рәсімінен кейін Қырғауылды ауылындағы мектеп түлектері мерекені атап өту үшін Долан ауылынан жеке үй жалдаған. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, кешке екі бітіруші сыныптың оқушылары жиналған.
Трагедия кеш басталғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң болған. Марқұм Әлибидің туыстарының айтуынша, кеш соңына қарай балалардың бірі қолына кәуәп пісіретін шампурды алып, басқаларды қорқыта бастаған. Әліби оны сабырға шақырмақ болғанда, жүрек тұсына соққы жасаған. Ол бір ауыз сөз айтуға да үлгермей, оқиға орнында жан тапсырған.
Мектеп директорының айтуынша, мектеп әкімшілігі түлектер кешінен бейхабар болған. Соңғы қоңырау қарсаңында ата-аналардан балалардың мектептен тыс жерде ешқандай шараға қатыспайтыны туралы қолхат алынған.
Күдіктінің ата-анасы – баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России