Добавить новость
103news.com
World News
Май
2025

Қошанов: көшбасшыларымыз қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерді

0
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және парламентаралық қатынастарды дамыту жөніндегі уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.
Отырысты ашқан Мәжіліс спикері соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасында жоғары деңгейдегі бірқатар өзара сапар өтіп, тарихи құжаттарға қол қойылғанын атап өтті.

"Екі ел президенттерінің саяси ерік-жігері мен даналығының арқасында қазақ-өзбек байланысы бұрын-соңды болмаған биік деңгейге жетті. 100-ден астам келісімнен тұратын берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Олар біздің қарым-қатынастарымыздың барлық саласын қамтиды. Ынтымақтастықтың жаңа форматының институционалдық негізі қаланды. Президенттеріміз ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындап, оларды ілгерілету үшін нақты міндеттер қойды", – деді Ерлан Қошанов.


Ол екі ел арасындағы парламентаралық ықпалдастықтың жүйелі сипат алып, нақты мазмұнмен толыға түскеніне назар аударды.

Өз кезегінде, Нуриддин Исмоилов парламентаралық диалог елдер арасындағы сенімді нығайтудың маңызды факторы екенін және мемлекет басшыларының стратегиялық келісімдерін жүзеге асыруға септігін тигізетінін айтты.

"Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің форматы жүйелі әрі практикалық мәні зор. Парламенттік диалог мемлекетаралық ынтымақтастыққа ілесіп қана қоймай, сонымен қатар оны нығайтуға, экономика, әлеуметтік сала, білім беру және гуманитарлық бағыттағы бірлескен бастамаларды ілгерілетуге ықпал етуге тиіс деген пікірдеміз", – деді Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері.

Кеңестің екінші отырысының негізгі тақырыбы экономика, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықтың перспективаларына, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы жобаларға арналды.

Мәжіліс спикері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты тауар айналымын 2030 жылға қарай 10 миллиард долларға дейін ұлғайту міндеті де бар. Депутаттар осы межеге тезірек қол жеткізу үшін қажетті заңнамалық шараларды талқылады.
Отырыс барысында депутаттар жоғары деңгейде қол жеткізілген үш негізгі көлік-логистика жобасының жүзеге асырылу мәселелерін де талқылады.
Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі/Ж.Жұмабеков
Сонымен қатар қонақтарға Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің тапсырмаларын орындау бойынша жүзеге асырылған өнеркәсіптік жобалар және Alatau City инновациялық қаласы таныстырылды.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России