Добавить новость
103news.com
World News
Май
2025

Аймақтық Ассамблеяның ХХVІІІ сессиясы өтті

0

Бүгін Достық үйінде Жамбыл облысының әкімі, аймақтық ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІІ сессиясы өтті.
«Елдің бірлігі – мемлекеттің тірегі»: Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық бағдарының басты негіздері» атауымен өткен жиынға облыс және қала басшылығы, құқық қорғау органдары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағалары, өңірлік ҚХА мүшелері, құрылымдары, этномәдени бірлестік жетекшілері, саяси партиялар, дін өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, журналистер қатысты.
Алқалы жиында қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында жүктеген міндеттерін өңірде іске асыру мәселелерін талқылады.
Аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының ел дамуында аса маңызды рөл атқаратынын назарға салып, алдағы уақытқа бірқатар міндеттерді жүктеді.
Мазмұны мол жиында облыстық ҚХА меңгерушісі Қуаныш Мамашев Ассамблеяның ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмалардың аймақта орындалу барысы жайлы баяндаса, облыстық мәслихат жанындағы ҚХА «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Жанат Бастаубаева өңірлік Ассамблеямен бірлесе атқарылған жұмыстар жайын, облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ мүшесі, «Радонеж» орыс қауымдастығының өкілі Евгений Кравчук «Бірлігі мықты жастар – болашаққа жол бастар» тақырыбында жамбылдық Ассамблея жастарының толайым табыстары туралы мәлімдеді. Жиынды түйіндеген өңір басшысы Ербол Шырақпайұлы облыстық іргелі ұйымның жұмысы қоғамдағы ынтымаққа және еліміздегі саяси бастамалар мен бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына қызмет ететінін айтып, сессия шешімдерімен таныстырды.
Маңызы мол шарада өңірлік ҚХА-ның өркендеуіне үлесін қосқан бірқатар азаматтарға Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» төсбелгісі, сондай-ақ, аймақ басшысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.
Сессия соңы өңірлік Ассамблея өнерпаздарының шығармашылық концертіне ұласты. Онда «Достық» жастар театры Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» драма қойылымын сахналаса, «Бозторғай» Үлгілі би ансамблі «Қазақ» биін көпшілік назарына ұсынып, Қордай аудандық «Отечество» славян ЭМБ «Соседушки» халықтық вокалдық ансамблі және облыстық ҚХА өнерпаздарынан құралған әншілер тобы әннен шашу шашты.

Сообщение Аймақтық Ассамблеяның ХХVІІІ сессиясы өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России