Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2025

1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?

0

Бүгін - жаздың алғашқы күні. Tengrinews.kz тілшісі маусымнан бастап қандай өзгерістер болатынына шолу жасады.
Алматы жаңа мәртебеге ие болады
Биыл маусымнан бастап Алматы қаласы "Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы" атанады. Бұл туралы Президент мәлімдеді.©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталадыПрезиденттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады. Іріктеу инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіп кешені және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржы саясаты, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі.Үміткер тіркелу кезінде осы бағыттардың бірін таңдауы қажет. Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі1 маусымнан бастап жүк көліктерінің қозғалысына жазғы шектеу енгізіледі."ҚазАвтоЖол" "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәліметінше, бұл шаралар күннің ыстығында жол жабындысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Шектеу мерзімі:

еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.

Жаздың алғашқы айында қанша күн демалыс бар?
Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым - демалыс күндері.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым - демалыс, 7 маусым - жұмыс күні, 8 маусым - демалыс.

depositphotos.com
Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер үшін жалпы он күн демалыс бар, ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін алты күн демалыс бар.
Балаларға арналған бірыңғай ваучер енгізіледіҚазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады. 1 маусымнан бастап бұл бастама Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылады.
Бұл жүйе мемлекеттік және жекеменшік спорт секцияларын, шығармашылық үйірмелер мен қосымша білім беру курстарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді.depositphotos.comҚосымша әйелдер вагоны қосылады
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 Орал-Маңғыстау бағытындағы пойыз құрамына әйелдер вагонын қосады.ҚТЖ
Осылайша олардың жалпы саны 12-ге жетеді. Қазір әйелдер вагондары мына бағыттарда жүреді:

№77/78 Алматы-Маңғыстау;№351/352 Алматы-Маңғыстау;№45/46 Павлодар-Түркістан;№37/38 Маңғыстау-Семей;№47/48 Атырау-Астана;№33/34 Ақтөбе-Алматы;№4/3 Астана-Алматы;№71/72 Астана-Шымкент;№354/353 Астана-Семей;№24/23 Ақтөбе-Алматы;№25/26 Алматы-Шымкент;№614/613 Орал-Маңғыстау.

Жазда қосымша 11 пойыз іске қосылады
"Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы жазда қосымша 11 пойызды іске қосады.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов3 тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады.2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында мына пойыздар қатынайды:

№253/254 Астана - Достық (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.№207/208 Алматы - Жалаңашкөл (Тальго) пойызы белгіленген күндері қатынайды.№211/212 Алматы - Достық (Тальго) пойызы күнара қатынайды.№221/222 Алматы - Достық пойызы аптасына 3 рет қатынайды.№457/458 Семей - Достық пойызы күнара қатынайды.№459/460 Өскемен - Достық пойызы күнара қатынайды.
Алматы - Достық бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.Қызылорда - Достық бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
Павлодар - Достық бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.№201/202 Астана - Алматы пойызы күн сайын жүреді.№203/204 Астана - Шымкент пойызы күн сайын жүреді.

Маусымдағы ауа райыdepositphotos.com
Синоптиктердің болжамына сәйкес маусымда Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады: солтүстікте және орталықта 17-20 градус, батыста 23-25 градус шамасында. Ал оңтүстік-батыс пен еліміздің қиыр оңтүстігінде ауа райы әдеттегіден ыстық болады: жазық өңірлерде орта есеппен 24-28 градус, ең жоғары температура 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России