Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2025

Қазақстандықтар аспаннан жұмбақ жарықты байқады: бұл не болуы мүмкін?

0

Өткен түнде Қазақстан қалаларында тұрғындар аспаннан жұмбақ жарықтарды байқады. Бұл не болғанын астаналық астроном Артур Гайдук түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Артур Гайдуктің айтуынша, бұл орбитадан шыққан спутник немесе зымыранның бөліктері, яғни қалдықтар болуы мүмкін.

"Бұны әртүрлі қала мен елді мекендердегі куәгерлер көргеніне қарағанда, өте үлкен қашықтықтан байқауға болады. Ұшу траекториясы орбитадан шығуға ұқсайды, сондықтан, бұл адам жасаған нәрсе болуы мүмкін. Дәл айтқанда, жұмысын аяқтаған спутник немесе ғарыштық қоқыс", – деп түсіндірді астроном-әуесқой, Astro Astana жобасының негізін қалаушы.

Сарапшы қазақстандықтарды тыныштандырып, көрінген нысанның ешқандай қауіп төндірмейтінін айтты.

"Бұл ешқандай қауіп төндірмейді, ешқандай астыртын әрекет, дрондар, астероидтар немесе басқа бір қауіпті нәрсе емес. Мұндай жағдайлар жиі болады, және біз соны көру бақытына ие болдық", – деді ол.

Айта кетейік, өткен түнде Астана және Қазақстанның басқа да өңірлерінің тұрғындары аспанда беймәлім, жұмбақ жарықтарды видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желілерде ұшып бара жатқан нысандардың видеолары тарады. Оларды Қырғызстан тұрғындары да байқаған.

Ал Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бұзу жағдайлары тіркелмегенін және халыққа ешқандай қауіп жоқ екенін хабарлады.
Кейінірек ЦДИАӨМ жұмбақ жарықтардың себебін түсіндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл орбитада бұрын болған ғарыш нысандарының атмосфераға кіруімен байланысты. Халықаралық ғарыштық қоқысты бақылаушы ұйымдардың мәліметінше, дәл осы уақыт аралығында осындай әсер беруі мүмкін үш оқиға тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России